Қызылтұз – Ертіс алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Аққулы ауданындағы Малыбай ауылынан батысқа қарай 17 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 136 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,7 км2 (көктемгі қар суынан 6 км2-ге жетеді), ұзындығы 3,2 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 8,8 км. Көлдің ең терең жері 0,7 м, су көлемі 2,2 млн. м3, су жиналатын алабы 186 км2. Дөңгелек пішінді көлдің солтүстік жағалауы жарқабақты (биіктігі 5 м) келген. Жағалау бойында қамыс, құрақ өскен. Батысында Қазы, оңтүстік-шығысында Жалтыр көлдері орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Аққулы ауданы көлдері