Луковая – Алтай тау жүйесіндегі Тікирек жотасының оңтүстігінде, Қазақстан мен Ресей шекарасындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының солтүстік-шығысында, Карагужиха ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1307 м, ұзындығы мен мен ені 5-7 км. Жартасты, шатқалды беткейлерін қарағай, балқарағай, самырсыннан тұратын орман көмкерген. Оңтүстік баурайынан Бобровка өзенінің салалары бастау алады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Глубокое ауданы таулары Санат:Алтай таулары