Саз – Іле Алатауының шығыс бөлігіндегі тау массиві.

Географиялық орны Алматы облысы Талғар жəне Еңбекшіқазақ аудандары жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 4246 м. Батыстан шығысқа ендік бағытта шамамен 25 км-ге созылған, енді жері 12-13 км. Солтүстігінен Түрген, Шыңтүрген, Есік, оңтүстік беткейінен Шілік өзендерінің салалары таудың мұздықтарынан бастау алады. Құлама беткейлері шатқалдармен тілімденген, жоғарыда олар үшкір шыңдарға ұласады.

Өсімдігі Таудың ең биік белдеміне альпілік-гляциалдық жер бедері тəн. Тау мұздығы батысындағы Кен институты мұздығымен жалғасқан.Қазақстан Энциклопедиясы, 7 том.

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы таулары Санат:Талғар ауданы таулары Санат:Іле Алатауы