Джон Акии-Буа (, , Лира — , Кампала) — угандалық жеңіл атлет, Уганда тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы.

Өмірбаяны Карьерасын қысқа қашыққа жүгіруден бастаған. 1972 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында 400 метрге кедергілермен жүгіруде 47,82 с. нәтиже көрсетіп, әлемдік рекорд жасады, және Олимпиада чемпионы атанды.

Арада бір жыл өткен соң Панафрика ойындарында чемпион атанды.

1979 жылы саяси жағдайларға байланысты Кенияға, кейін Германияға қоныс аударды. 1983 жылы отанына оралды.

Кейін полицей боп қызмет атқарды, сонымен бірге жаттықтырушылықты да қатар атқарып жүрді.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:Уганда жеңіл атлеттері Санат:Уганда Олимпиада чемпиондары Санат:Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпиондары Санат:1972 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары