Феликс Санчес (; 30 тамыз 1977 жыл, , АҚШ) — доминикандық жеңіл атлет, 400 метрлік кедергілерден жүгіруші. 400 м қашықтықта 2004 және 2012 жылдары екі дүркін Олимпиада чемпионы тыанды. Доминикан Республикасы тарихындағы Олимпиаданың бірінші алтын медалінің иегеріhttp://www.coolrunning.com/engine/3/3_1/felix-sanchez-coming-home.shtml . Әлемнің екі дүркін чемпионы (2001 және 2003).

Феликс Нью -Йоркте дүниеге келген, бірақ ата-анасы Доминикан Республикасында туылғандықтан Доминикан Республикасы құрамасында ойнайды. Сан-Диего университетін бітірген. 1999 жылы Оңтүстік Калифорния университетіне оқуға түсті. 2001-2004 жылдар аралығында ол 43 жарыста қатарынан жеңіске жетті. 2002 жылы ол IAAF Алтын лигасының жеңімпазы болды, жеңіс үшін ол бас жүлдені - 1 миллион АҚШ долларын алды.

Track & Field News журналының анықтамасы бойынша 2003 жылғы әлемдегі ең үздік спортшы атанды.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:Доминикан Республикасы жеңіл атлеттері Санат:Доминикан Республикасы Олимпиада чемпиондары Санат:Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпиондары Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары