Баһадүр Исомиддинұлы Жалолов (; 8 шілде 1994 жыл, Сариосиё ауданы, Сурхандария облысы, Өзбекстан) — өзбекстандық кәсіпқой және әуесқой боксшы, аса ауыр салмақта өнер көрсетеді. Ол Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы, сондай-ақ 2019 және 2023 жылдардағы әлем чемпионы. Жалоловтың бапкері — Төлқын Қылышевhttps://egemen.kz/article/356306-tolqyn-qylyshev-bizge-qazaq-boksynynh-myqty-bolghany-kerek.

Мансабы 2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Кейін Ташкентте өткен 2023 жылғы IBA ерлер арасындағы әлем чемпионатында да аса ауыр салмақта чемпион атанды.

2023 жылы Ханчжоуда өткен 2022 жылғы Азия ойындарында +92 кг салмақта алтын медаль иеленді. Финалда қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевты жеңді.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында Жалолов ерлер арасындағы +92 кг салмақта екінші рет Олимпиада чемпионы атанды. Финалда Испания өкілі Аюб Гадфаны жеңіп, Токио-2020 ойындарындағы атағын қорғады.

Жетістіктері

Олимпиада ойындарының чемпионы: 2020, 2024 Әлем чемпионы: 2019, 2023 Азия ойындарының чемпионы: 2022

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан боксшылары Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Өзбекстан Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан Азия чемпиондары Санат:Бокстан әлем чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Өзбекстанның Азия ойындары чемпиондары Санат:Бокстан Азия ойындары чемпиондары Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары