нобай|250px|Кенесары хан сарбазының бейіті нобай|250px|Балуан Шолақ жырлаған Ғалияның бейіті Қараөткел (Көкбел) мұсылман зираты — Астана қаласындағы көне зират, жергілікті тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіш.
Жалпы ауданы — 17 125 шаршы метр.«Қараөткел» мұсылман зираты 1609-1962 жж. Бірлескен мұражайлар дирекциясы сайтында Жәнібек тархан, Асан қайғы, А. Кравцов көшелері мен «Целинный» шағын ауданы аралығында орналасқан.
Зерттеушілер Қараөткел зиратының 1609–1962 жылдар аралығын қамтитынын анықтады. Бұл қорымда Тәуке ханның ұлы Сәмеке хан, Ақмоланың негізін қалаушы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендеұлы, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Амангелді батырлардың сарбаздары, көпес Баймұхамед Қосшығұлов, діні мұсылман халыққа белгілі Самарқан, Бұхар, Қазан қалаларында туған қайраткерлер жерленген деген деректер бар. Араб, парсы, төте жазумен жазылған құлпытастар белгілі. Қазіргі таңда 2169 құлпытас сақталған екен.«Қараөткел» көне қорымы — қала тарихының бір тармағы «Астана ақшамы», 29.09.2012.
2011 жылы Халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасовтың сүйегі Ресейден жеткізіліп, бұл зиратқа қойылды. Балуан Шолақ өзінің «Ғалия» әнінде жырлап кеткен ғашығы Ғалия Тілеуқызы да осында жерленген. Жалпы бұл қорымда 10000-ға жуық адам жерленгені анықталды.«Қараөткел» – мұсылмандар қорымы «Астана ақшамы», 15.11.2018.
2012 жылы Акмолинскіде туған ресейлік бизнесмен Михаил Гуцериев Қараөткелде жерленген атасының және басқа да тарихи тұлғалардың рухына арнап, зиратқа қоршау салғызды, жолаушылар жолдарын қалатқызды, бейнебақылау орнатты.«Қараөткел» зираты жайлы қаншалықты білеміз? Elorda.info.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан зираттары Санат:Астана ескерткіштері