Рысбек Мырзашұлы Мырзашев (1932, Ақмола облысы – 1987, Шымкент қаласы) – қоғам қайраткері.
Алматы ауыл шаруашылығы институты мен КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген.
1985–1987 жылдары Шымкент облысы партия комитетінің бірінші хатшысы,
1960 жылдан КОКП мүшесі. Ақмола облысының комсомол органдарында, еңбекшілер депутаттары ауданы кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Есіл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.
1977–1982 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы,
1982–1985 жылдары халық депутаттары Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды. Социалистік Еңбек Ері, Шымкент қаласының құрметті азаматы. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Сілтемелер
Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Шымкенттің құрметті азаматтары Санат:Өзін-өзі өлтіргендер Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Шымкентте жерленгендер Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары