«Қар барыстары» шайбалы хоккей клубы (немесе Qar Barystary) — ЖХЛ чемпионатында ойнайтын қазақстандық шайбалы хоккей клубы. Астанада құрылған «Барыс» жастар командасы.

Тарихы 2011 жылы Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының президенті А.Маминнің тапсырмасымен Астанада «Қар барыстары» деп аталатын жастар командасы құрылды. Клуб Жастар хоккей лигасының «Б» тобында ойнауы керек еді, бірақ «Кеңес қанаттары» клубының жойылуына байланысты «барыстар» «А» тобына енуге мүмкіндік алды. Команданың бас жаттықтырушысы - Старыгин Сергей Васильевич.

ЖХЛ-дағы ойындары МаусымТұрақты чемпионатПлей-офф 2012-13«Шығыс» дивизионында 12-орын қатысқан жоқ 2013-14«Орал-Сібір» дивизионында 8-орын 1/16 финалда жеңіліді 2014-15«Орал-Сібір» дивизионында 4-орын 1/16 финалда жеңіліді 2015-16«Орал-Сібір» дивизионында 2-орын 1/4 финалда жеңіліді 2016-17«Шығыс» конфедерациясында 13-орын қатысқан жоқ 2017-18«Шығыс» конфедерациясында 11-орын қатысқан жоқ 2018-19«Шығыс» конфедерациясында 7-орын 1/8 финалда жеңіліді

Дереккөздер