Зұлпыхар Мырзалиев (1902, Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылы – 1979) – Социалистік Еңбек Ері (1949), шопан. Ұлы Отан соғысына қатысқан (1942–45). 1930–42 жылдары Қабыланбек, Дарбаза кеңшарында шопан, 1946–62 жылдары Сырдария, Дарбаза кеңшарларында шопан, аға шопан болды. Ол төл алу мен қаракөл елтірісін өндіруде айрықша жоғары көрсеткіштерге жетті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумы 1949 жылы 3 желтоқсандағы жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:1902 жылы туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар