Jamiroquai (Джамирокуай) — британдық музыкалық топ.
Jamiroquai тобы 1992 жылы құрылған. Содан бері құрамы көп өзгеріске ұшырап, қазіргі уақытта бастапқы құрамнан солист Джей Кей (Джейсон Луис Читэм) ғана қалған. Алғашқы синглы When You Gonna Learn? 1992 жылы шықты. Ал 1998 жылғы Virtual Insanity әні үшін топ «Грэмми» сыйлығын алды.
Travelling Without Moving альбомы Гиннесс рекордтары кітабына ең көп сатылған фанк-альбом ретінде енді.Jamiroquai FAQ
Топтың аты джем және ирокез сөздерінің қосылуынан жасалды.
Дискографиясы 1993 — Emergency on Planet Earth 1994 — The Return of the Space Cowboy 1996 — Travelling Without Moving 1999 — Synkronized 2001 — A Funk Odyssey 2005 — Dynamite 2006 — High Times: Singles 1992-2006 2010 — Rock Dust Light Star 2017 — Automaton
Дереккөздер
Санат:Ұлыбритания музыкалық топтары Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:1992 жылы құрылған музыкалық ұжымдар