«КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалі () — КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1988 жылғы 28 қаңтардағы Жарлығымен КСРО Қарулы Күштерінің құрылғанына 70 жыл толуына орай құрылды. Медаль сызбасының авторы – суретші А. Б. Жук.

Медаль ережелері «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталады: 1988 жылғы 23 ақпанда Кеңес Әскерінде, Әскери-теңіз күштерінде, шекара және ішкі әскерлерде, сондай-ақ КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде белсенді әскери қызметте болған офицер құрамындағылар, прапорщиктер, мичмандар және мерзімді қызметтегі әскери тұлғалар; бұрынғы Қызыл гвардияшылар, әскери қызметші ретінде кеңес Отанын қорғау үшін әскери әрекеттерге қатысқан тұлғалар, Азамат соғысы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының партизандары; Кеңес Әскерінде, Әскери-теңіз күштерінде, шекара және ішкі әскерлерде және КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің органдарында күнтізбелік жылмен есептегенде 20 жыл және одан да көп қызмет еткен белсенді әскери қызметтен запасқа шығарылған немесе зейнеткерлікке шыққан тұлғалар; әскери қызмет өткеру кезінде КСРО ордендерімен немесе медальдарымен марапатталған тұлғалар: «Ерлігі үшін» медалі Ушаков медалі «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі Нахимов медалі «КСРО Мемлекеттік шекарасын күзетудегі айрықшылығы үшін» медалі «Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін» медалі «Қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі үздік қызметі үшін» медалі 1988 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің (ОКСВА) жеке құрамы бөлімінде болған мерзімді қызмет әскери қызметшілердің барлығы.

«КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалі кеуденің сол жағына тағылып, «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» медалінен кейін орналасады.

1995 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шамамен 9 842 160 адам «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Медальдің сипаттамасы thumb|right|150px|Медалдің артқы жағы

«КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалі жезден жасалып, диаметрі 32 мм шеңбер пішініне ие.

Медальдің бет жағында солға қараған ұшқыштың, теңізшінің және құрлық сарбазының орталық кеудеге дейінгі бейінді суреті бейнеленген. Медальдің айналасын бойлай лавр бұтақтары орналасқан. Бет жағында үстіңгі бөлігінің ортасында балға мен орақ бар бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде екі жолға «1918» және «1988» деген жылдар жазылған.

Артқы жағында бес жолдан тұратын «КСРО ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ 70 ЖЫЛ» () деген жазу бар. Жазудың астында лаврлы-емен гүлдестесі орналасқан.

Медальдің шеттері ернеумен жиектелген. Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм болатын қызыл түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға біріктіріледі. Таспаның шеттері жасыл жолақтармен жиектелген. Таспаның ортасынан көк жолақ, ал көк жолақтың екі жағында екі алтын жолақ бар.

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:КСРО медалдары