Мэттью Дэвид Моррис (; туылды: 6 қаңтар 2003, Дулут, Джорджия, АҚШ) — америкалық әнші, рэпер, актер, биші. MattyBRaps және MattyB деген лақап аттарымен танымал. Әр түрлі танымал әндерге жасаған ремикстерін өзінің YouTube арнасына жүктеп, танымалдылаққа ие болды.
Өмірі және мансабы МэттьюAbout - MattyBRaps Retrieved March 2, 2013. 6 қаңтар 2003 жылы, Джорджия штатының Дулут қаласында дүниеге келді. Оның үш үлкен ағалары және кіші қарындасы бар.
Мэттьюдің алғашқы өлеңі 22 маусым 2010 жылы шыққан "I Believe in You" өлеңіне жасаған ремиксі болды. Ал оның сатып алуға болатын алғашқы өлеңі 11 тамыз 2010 жылы шыққан "Just the Way You Are" өлеңіне жасаған ремиксі болды. 2012 жылдың соңында ол Billboard Social 50 чартында "That's the Way" клипімен 11-ші орынды иеленді. Осы клиптің арқасында оның Facebook, Twitter және YouTube деген әлеуметтік желілеріндегі жазылушылар санын екі еселеп көбейтті.9-Year Old Rapper MattyB Bounds Onto Billboard Social 50 Chart Retrieved July 11, 2013.
Ол бірнеше рет телевидениеде де пайда болған. Today, The Wendy Williams Show, Dr. Phil және The Queen Latifah Show секілді телебағдарламаларында пайда болған.
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайт MattyBRaps Instagram-да MattyBRaps Twitter-де
Санат:АҚШ бала әншілері Санат:XXI ғасыр әншілері