Толық мақаласы: КСРО футбол федерациялары кубогы 1989
КСРО футбол федерациялары кубогының финалы 1989 — турнирдің төртінші маусымының финалы. 5 қаңтар күні Днепропетровскідегі "Метеор" стадионында өтіп, алаң иелері "Днепр" клубы 2:1 есебімен "Динамо" Минск командасын тізе бүктіріп, екінші рет жеңімпаз атанды.
Матч
Шолу Ойынның 65-минутында минскілік Сергей Рассихин есеп ашқанымен, 85-минутта Николай Кудрицкий есепті теңестірді де, екі минуттан соң Эдуард Сон "Днепрді" алға шығарды. Осы есеп ойын соңына дейін өзгермеді.
Командалар төмендегі құрамда алаңға шықты:
«Днепр»: С.Краковский, А.Юдин, В.Геращенко, А.Сидельников, Ю.Кулиш, Н.Кудрицкий, В.Багмут, А.Чередник (П.Буц, 28), Э.Сон, В.Москвин (А.Червоный, 69), Е.Шахов (В.Лютый, 46). «Динамо» (Минск): А.Сацункевич, П.Роднёнок, Лухвич, С.Широкий (Э.Яхимович, 55), Павлючук, А.Зыгмантович, С.Рассихин, В.Сокол (Тайков, 63), С.Герасимец, И.Гуринович (Домашевич, 55), М.Мархель.
Дереккөздер
Санат:КСРО футбол федерациялары кубогы Санат:1989 жылғы футбол Санат:Днипро ФК ойындары Санат:Динамо Минск ФК ойындары