Өмірбаяны Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев (1.1.1950 ж.туған) – Экономика ғылым. докторы, инженерлік академияның толық мүшесі. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
Парламент Сенатының депутаты. Шымкент педогогткалық институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шаруашылық академиясын бітірген. Облыстық ақпараттық-есептеу қызметін көрсету жөніндегі өндірістік бірлестік бастығы Облыстық статистика басқармасының бастығы Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Облыстық әкімшілік басшысының орынбасары Экономика министрлігі жанындағы шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттік төрағасының 1-орынбасарыҚазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Президент әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі Республикалық. бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есептеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. *Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті нің мүшесі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшесі. Марапаттар «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған."Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы".
Дереккөздер
Санат:Қазақстан экономистері