Аксель Лоран Анжель Ламбер Витсель (; 12 қаңтар 1989 жыл, Льеж, Каллония, Бельгия) — бельгиялық футболшы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы

Клубтық 2006 жылы туған қаласындағы "Стандард" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 2006 жылы 17 қыркүйекте "Брюссель" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Алғашқы маусымда-ақ клубтың негізгі құрамына берік орнықты. 2008 жыл Аксель үшін табысты болды: Бельгия чемпионы атанумен бірге Бельгияның үздік футболшысы номинациясын иеленді.

2011 жылы жазда "Бенфика" футболшысы атанды. Тұңғыш ойынын "Трабзонспорға" қарсы Чемпиондар лигасында өткізді.

2012 жылы 3 қыркүйекте "Зенитке" ауысты. 14 қыркүйекте "Терекке" қарсы ойында тұңғыш рет Ресей чемпионатында алаңға шықты. Бұл ойында жарақат алды да, біраз уақыт алаңға шыға алмай, 3 қазанда Чемпиондар лигасында "Миланға" қарсы ойнады. 30 қарашада "Спартак" қақпасына екі енгізіп, клуб сапындағы тұңғыш голдарын соқты.

2015 жылы 4 қазанда "Зениттің" Ресей чемпионатындағы 1000-шы голының авторы атанды.

2017 жылы қаңтарда Қытайдың "Тянзың Цюанзиян" клубына ауысты.

2018 жылы 6 тамызда "Боруссияға" ауысты. Келісім шарт мерзімі 2022 жылға дейін.

Ұлттық құрама 2008 жылы 26 наурызда Мароккоға қарсы жолдастық кездесуде Бельгия құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.

2014, 2018, 2022 жылдары әлем чемпионатына, 2016, 2020, 2024 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

«Стандард»

Бельгия чемпионы (2): 2007/08, 2008/09 Бельгия кубогы (1): 2010/11 Бельгия суперкубогы (2): 2008, 2009

«Бенфика»

Лига кубогы (1): 2011/12

«Зенит»

Ресей чемпионы (1): 2014/15 Ресей кубогы (1): 2015/16 Ресей суперкубогы (2): 2015, 2016

«Боруссия» (Дортмунд)

Германия суперкубогы: 2019

Бельгия

Әлем чемпионатының жартылай финалисі (1): 2018

Жеке

Бельгиядағы жыл футболшысы: 2008 Бельгияның үздік жас футболшысы: 2007/08

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Бельгия футболшылары Санат:Бельгия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Стандард Льеж ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Жирона ФК ойыншылары