Матеус Кардосо Лемос Мартинс (; 15 ақпан 2000 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/371256, Алворада, Риу-Гранди-ду-Сул) — бразилиялық футболшы, "Шахтер" (Донецк) клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық "Гремио" клубының түлегі. 2018 жылы тұңғыш кәсіпқой футболшы ретінде клубпен 2021 жылға дейін келісім шарт жасасты. Бірақ жастар клубында ойнағаны болмаса, басты клубта бір рет те алаңға шықпады.
2019 жылы ақпанда "Шахтер" 15 млн еуроға сатып алды да, бес жылдық келісім шарт жасады. 13 ақпанда тұңғыш рет "Заря" клубына қарсы алаңға шықты.
2020 жылы 21 қазанда УЕФА Чемпиондар лигасында сырт алаңда "Реал Мадрид" қақпасына гол соғып, есеп ашты. Бұл ойында "Шахтер" 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Халықаралық 2019 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
«Шахтёр» (Донецк)
Украина чемпионы (2): 2018/19, 2019/20 Украина кубогы: 2018/19
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Гремио ФК ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары