Игорь Владимирович Сергеев (; 30 сәуір 1993https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/185372, Ташкент) — өзбекстандық футболшы, "Би Джи Патхум Юнайтед" клубы мен Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Мансабы Клубтық 2011 жылы карьерасын туған клубы "Пахтакорда" бастады. Ұзамай жастығына қарамастан клуб жетекшісіне айналды. 2015 жылғы маусым қорытындысында 24 гол соғып, чемпионаттың үздік мергені атанды.

2016 жылы шілдеде Қытайдың "Бейжің Гоань" клубына жалға берілді. Бірақ ол жақтағы карьерасы сәтсіз болды, жыл соңында дейін 14 кездесуде алаңға шығып, бір гол ғана соқты.

2017 желтоқсанда "Әл-Зарфа" клубына ауысты.

2018 жылы жазда "Пахтакорға" оралды.

2021 жылдың ақпан айында Қазастанның 5-дүркін чемпионы "Ақтөбе" клубына ауысты.

2021 жылғы жазда "Тобылға" ауысты. 22 шілдеде еурокубоктардағы тұңғыш ойынын өткізді. УЕФА Конференциялары лигасының екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда "Хайдукпен" ойынның 57 минутында алаңға шықты. Бір аптадан кейін қарымта ойында екі гол соғып "Тобылдың" жеңісіне үлес қосты (4:1).

Халықаралық 2013 жылы 10 қыркүйекте Иорданияға қарсы ойында ұлттық құрама сапында тұңғыш рет алаңға шықты. 2015 жылы Аустралияда өткен Азия кубогына қатысып, үш кездесуде бір гол соқты.

Жетістіктері

Командалық

Өзбекстан чемпионы (4): 2012, 2014, 2015, 2019 Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011 Өзбекстан кубогы (2): 2011, 2019 Қазақстан чемпионы: 2021

Жеке

Өзбекстан чемпионатының үздік мергені: 2015 Жастар арасындағы Азия кубогының үздік мергені: 2012

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:Бейжің Гоан ФК ойыншылары Санат:Әл-Зафра ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Персеполис ФК ойыншылары