Bayraktar Akıncı (Байрактар ​​Акынжы, ) — жоғары биіктікте ұзаққа шыдайтын ұшқышсыз әуе соғыс аппараты болып, кезекте Түркияның дрон өндірушісі Байкар Макина жағынан дамытылу үстінде. Аталған UAV-дың медиядағы алғашқы суреті 2018 жылы маусымда тарады. БАҚ беттерінде 4,5 тоннаға қабілетті UCAV ретінде сипатталған Akıncı екі турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған корпустың көмегімен шамамен 1,5 тонна жүктемені орналастырып, 24 сағат ұшуға жарамды.

Дамытылуы thumb|300px|Bayraktar Akıncı. Бастапқы жоба кезеңі 2019 жылдың маусым айында аяқталған соң, Акынджы 2019 жылы тамызда Украиналық Ивченко-Прогресс АИ-450С турбовинтті қозғалтқышымен іске қосыла бастады. Бірінші қозғалтқыш сынағы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде жүзеге асты. Басқа техникалық сынақтар аяқталған соң ұшақ Түрік қарулы күштерінің Чорлу (Çorlu) аэродромдық қолбасшылығына көшірілді. Бұл UAV дроны 2019 жылдың 6 желтоқсанында өзінің алғашқы рейсін автоматты таксишілік, ұшып шығу, 16 минуттық ұшу және сәтті қонумен жүзеге асырды. thumb|300px| Байрактардың Akıncı ұшқышсыз әуе соғыс аппараты Текнофесте (Teknofest), 2019. Akıncı әдетте 400 кг ішкі және 950 кг сыртқы жүк көтеріміне ие, ол жалпы жауынгерлік жүктемені біріктіргенде максимум салмағы 1,350 кг-ға жетеді. Онда 450 а.к. (340 кВт), немесе 750 а.к. (560 кВт) болатын екі турбовинттік мотор жұмыс істейді, ірі 20 м кеңдігіктегі қанатымен максималды 5,5 тонна салмақты көтеруге жарамды. Акынджы алғашқы Әуеде атылатын қанатты зымыранды (ALCM) атқылауға қабілетті алғашқы коммерциялық қол жетімді ұшақ болады деп күтілуде.

Соңғы оқиғалар 2021 жылдың сәуір айында беспилотник “Akinci” тест сынағынан өтті. Ресейдің “Панцирь” әуе қорғаныс жүйесін талқандады. Салмағы 5,5 тонна болатын, 1300кг бомбалаушы ракеталарды алып ұшатын бұл беспилотник Қарабақта қолданылған “Bayraktar TB2” беспилотнигінен техникалық мүмкіндігі әлдеқайда жетілдірілген қарудың заманауи түрі. “Панцирьді” бомбалауда Түркияның басқа бір компаниясы “Roketsan” жасап шығарған ракеталар қолданылған.

Айта кету керек, Қарабақ соғысында “Bayraktar TB2” беспилотниктері соғыстың алғашқы 24 күнінде Арменияның 114 танкісін жойып жіберген. Қарабақ соғысында Арменияның жалпы саны 44 бронды транспорты, 141 артиллерия қаруы, 249 әркери көліктері мен 44 әскери қоймалары “Bayraktar TB2” тарапынан жойылған. Ал, 44 күнгі соғыста жалпы саны 9 “Bayraktar TB2” беспилотнигі атып түсірілген. Айырмашылық көрініп тұр.

Техникалық сипаттамалары thumb|right|200px|Ivchenko-Progress AI-450S thumb|right|200px|Roketsan өндірген Cirit thumb|right|200px|Roketsan өндірген UMTAS (Mizrak-U) thumb|right|200px|TÜBİTAK-SAGE өндірген GÖKTUĞ thumb|right|200px|TÜBİTAK SAGE өндірген SOM thumb|right|200px|АҚШ Mk-82 bombасы Байқар Макинадан алынған деректер Жалпы сипаттамалар: Көтерімділігі: 1,350 кг * Ішкі: 400 кг * Сыртқы: 950 кг Ұзындығы: 12,5 м Қанат ұзындығы: 20 м Биіктігі: 4,1 м Максималды ұша алу салмағы: 5,500 кг Қуат қондырғысы: 2 × Ivchenko-Progress Motor Sich AI-450T турбовинтті қозғалтқыштар, әрқайсысы 560 кВт (750 а.к.) Пропеллер: 5 қалақты композициялық тұрақты жылдамдықты винт Қабілеттілігі Төзімділік: 24 сағат Ұшу биіктігі: 12 192 м Қару-жарақ Аспасы (бірге алып жүрілетін комбинациясы): * Зымырандар: * * CIRIT * * L-UMTAS ASM * * Gökdoğan AAM * * Bozdoğan AAM * * SOM ALCM * Бомбалар: * * МАМ-Л * * МАМ-С * * Mk-81 * * Mk-82 * * Mk-83 * * JDAM * * HGK * * LGK * Авионика * * Ұлттық AESA радары * * Aselsan жалпы апертуралық шабуыл жүйесі * * Электрондық соғыс поды

Тағы қараңыз Bayraktar Mini UAV Bayraktar TB2 Байрактар тактикалық UAS TAI Anka TAI Aksungur

Дереккөздер

Санат:Ұшқышсыз ұшу аппараттары Санат:Түркия қарулары Санат:2019 жылы алғашқы ұшуларын жасаған әуе кемелері Санат:Түркияның ұшқышсыз ұшақтары