Франция — Болгария футбол матчы (1993) — 1994 жылғы әлем чемпионатының УЕФА аумағындағы іріктеу турнирінің футбол матчы, Болгария футболшылары 2:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатына жолдама алды.

Матч Шолу Матчтан алдын Франция 13 ұпаймен екінші орында, Болгария 12 ұпаймен үшінші орында тұрды. Ал 15 ұпаймен бірінші орында тұрған Швецияға бұл матч нәтижесінің келіп кетері жоқ еді. Бұл ойында Францияға тең нәтиженің өзі жеткілікті болатын. 32-минутта Эрик Кантона есеп ашып, француздар алға шықты. Бес минуттан соң болгарлар есеп теңестірді.

Матчтың соңғы секундтарына дейін осы есеп сақталып тұрды. Бірақ матч бітуге санаулы секунд қалғанда Эмил Костадинов күтпеген жерде гол соғып кетті де, Болгария құрамасы жолдаманы жұлып алды. Франция қатарынан екінші рет әлем чемпионатынсыз қалды.

Осы жеңілістен соң француздардың бас бапкері Жерар Улье қызметтен босады.

Финалдық турнирге шыққан Болгария құрамасы 1994 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға дейін барып, тарихтағы ең жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Бір қызығы, Болгариямен бірге финалдық турнирге жолдаманы Швеция да иеленді, осы екі клуб әлем чемпионатында да жартылай финалға дейін жетті.

Детальдар

1 Бернар Лама 2 Марсель Десайи 4 Ален Рош 5 Лоран Блан 3 Эммануэль Пети 6 Поль Ле Гуэн 7 Дидье Дешам 8 Франк Созе 10 Рейнальд Педрос 9 Жан-Пьер Папен (к) 11 Эрик КантонаАлаңға шыққандар : 15 Давид Жинола 13 Винсент Герин Бапкер: Жерар Улье 1 Борислав Михайлов (к) 2 Эмиль Кременелиев 3 Трифон Иванов 5 Петер Хубчев 4 Цанко Цветанов 6 Златко Янков 11 Йордан Лечков 10 Красимир Балаков 7 Эмил Костадинов 9 Любослав Пенев 8 Христо СтойчковАлаңға шыққандар: 15 Петер Александров 14 Даниэл Боримиров Бапкер: Димитр Пенев

Дереккөздер

Сілтемелер http://www.fff.fr/servfff/historique/histo_recherche.php?pays=Choisir+un+pays+dans+cette+liste&annee=1992&radiobutton=all Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Болгария Ұлттық футбол құрамасы Санат:Футболдан 1994 жылғы әлем біріншілігі Санат:1994 жылғы футбол