Вальтер Херардо Пандиани Уркиса (; 27 сәуір 1976 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7691, Монтевидео) — уругвайлық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы
Клубтық 1995 жылы "Прогресо" клубында карьерасын бастады. Кейін "Басаньес, "Пеньяроль" клубтарында ойнап, 2000 жылы Еуропаға келді де, "Депортиво Ла-Корунья" футболшысы атанды. Клубтың негізгі құрамына тез ілікті де бірнеше жыл бойы тұрақты өнер көрсетіп, Испания чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды.
2005 жылы "Бирмингемге" ауысқанымен, Англия футболына көндіге алмады, 2006 жылы қаңтарда "Эспаньолға" ауысты. 2006/07 жылғы маусымда УЕФА кубогының үздік мергеніі атанды, "Эспаньол" финалға шықты, бірақ "Севильядан" ұтылып қалды.
2007-11 жылдары "Осасунада" ойнады.
Ұлттық құрама 2001 жылы 28 наурызда Парагвайға қарсы ойында Уругвай сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Құрамада бар-жоғы төрт кездесуде ғана алаңға шықты.
Жетістіктері
«Пеньяроль»
Уругвай чемпионы: 1999
«Депортиво»
Испания чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2000/01, 2001/02 Испания чемпионатының қола жүлдегері: 2003/04 Испания кубогы: 2001/02 Испания суперкубогы (2): 2000, 2002
«Мальорка»
Испания кубогы: 2002/03
«Эспаньол»
Испания кубогы: 2005/06 УЕФА кубогының үздік мергені: 2006/07
«Лозанна»
Челлендж-лига жеңімпазы: 2015/16
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Уругвай футболшылары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пеньяроль ФК ойыншылары Санат:Депортиво Ла-Корунья ФК ойыншылары Санат:Мальорка ФК ойыншылары Санат:Бирмингем Сити ФК ойыншылары Санат:Эспаньол ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Осасуна ФК ойыншылары Санат:Лозанна ФК ойыншылары Санат:Уругвай футбол жаттықтырушылары