Ивица Олич (хорв. Ivica Olić; 14 қыркүйек 1979https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7427, Давор, Югославия) — хорват футболшысы, шабуылшы.
Мансабы Клубтық Карьерасын 1996 жылы "Марсония" клубында бастады. Екі жылдан соң "Гертаға" ауысқанымен, 1999 жылы "Марсонияға" қайта оралды.
Кейін "Загреб", "Динамо Загреб" клубтарында ойнап, 2003 жылы ЦСКА-ға ауысты. ЦСКА сапында 2005 жылы УЕФА кубогын ұтып алды.
2007*-09 жылғы маусымдарды "Гамбургта" өткізіп, 2009 жылы "Баварияға" ауысты. 2009/10 жылғы чемпиондар Лигасында 5 гол соқты, оның үшеуін жартылай финалда "Лион" қақпасына соғып, жартылай финалда хет-трик жасаған тұңғыш хорват футболшысы атанды.
2012 жылы жазда "Вольфсбургке" ауысты.
Ұлттық құрама 2002, 2006, 2014 жылдары әлем чемпионатына, 2004, 2008 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты. 2002 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Италияның қақпасына бір гол соқты, бұл ойында Хорватия 2:1 есебімен жеңіске жетті.
2008 жылғы Еуропа чемпионатында Германияның қақпасына бір гол соқты, бұл ойында Хорватия 2:1 есебімен жеңіске жетті.
2014 жылғы Әлем чемпионатында Камерунның қақпасына бір гол соқты (4:0).
Жетістіктері
Командалық Загреб
Хорватия чемпионы (1): 2001/02
Динамо (Загреб)
Хорватия чемпионы (1): 2002/03
ЦСКА
Ресей чемпионы: 2003, 2005, 2006 Ресей суперкубогы: 2004, 2006 УЕФА суперкубогы: 2004/2005
Бавария
Германия чемпионы: 2009/10 Германия кубогы: 2009/10 Германия суперкубогы: 2010
Жеке
Хорватия чемпионатының үздік мергені (2): 2001—2002, 2002—2003 Хорватиядағы жыл футболшысы: 2002, 2003 Хорватияның үздік футболшысы: 2009, 2010
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Герта Берлин ФК ойыншылары Санат:Загреб ФК ойыншылары Санат:Динамо Загреб ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары Санат:Мюнхен-1860 ФК ойыншылары