«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі — 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген

Толығырақ "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісімен ауыл шаруашылығы салаларының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салаларын дамытуға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқаны үшін, кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері, мемлекеттік басқарудың жаңа прогрессивті әдістерін енгізгені үшін, көп жылдық жемісті еңбегі мен егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік, мал шаруашылығы және ветеринариялық қауіпсіздік, қайта өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, егіншілік, тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу, мақта, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтау саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асырудағы көп жылдық ерен еңбегі үшін марапатталады. «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» – бұл ауыл шаруашылығы саласында ерекше жетістікке жеткен адамдарға берілетін марапат немесе атақ. Қазақстанда бұл атақ көбіне ауыл шаруашылығы қызметкерлерін ынталандыру үшін беріледі.Қазақстан мемлекеттік және өңірлік ресми сайттары (gov.kz)

Құрметті белгінің сипаттамасы "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісі диаметрі 34 мм шеңбер нысанында жезден жасалады. Төсбелгінің беткі жағында, ортасында шеңберге кірістірілген егістің, күннің, масақтың және ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнесі көрсетілген. Ою-өрнектің айналасында шығыңқы жиек бар. Жиектің сыртқы жағында "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі", "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" деген жазулар жазылған. Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.

Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 35 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады. Таған жезден жасалған. Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның құрметті атақтары Санат:Қазақстан марапаттары