«Дизель Шоу» () — «Дизель Студио» компаниясы жасаған юморлық концерттік шоу. Эфирге 2015 жылдан бері украиндық «ICTV» арнасында шығып жүр.

Жанр «Дизель Шоу» концерті скетчтерден, шағын қойылымдардан тұрады. Қойылымдары отбасылық қарым-қатынасқа, ұрпақ арасындағы келіспеушіліктерге, қоғамдағы, елдегі және әлемдегі әлеуметтік оқиғаларға негізделген. Негізгі ұстаным - саясатсыз жақсы әзіл. Бірақ олар саясатқа арналған көптеген қойылымдарды шығарып жиі бұл ұстанымды бұзады.

Тарихы 2015 жылы «Дизель шоу» жобасы іске қосылды. Алғашқы екі концерті 2015 жылдың 15-ші және 22-ші мамырда шықты.

2015 жылдың аяғында «Дизель Шоу» өздерінің алғашқы гастрольдік сапарына аттанады — концерттері Николаева, Одесса, Херсон қалаларында жоспарланады. Бірақ бұл сапар онша сәтті болмайды, тіпті Одессадағы концертті болдырмай тастайды. Бірақ команда мұңаймай әрі қарай әзілдер ойлап тауып, қойылымдарын жасайды.

Бұл жобаның алғашқы мерейтойында, 2016 жылдың сәуір айында, екі аншлагты қатар жинап жұма күнінің кешкі прайм-таймында бірінші орынды иеленді.Годовщина основания «Дизель Студио»

20 қазан 2018 жылы қаралы оқиға орын алды. Бұл шоудың командасы отырған автобус ЖКО-ға ұшырады. Бұл апаттан Максим Нелипа, Егор Крутоголов, Яна Глущенко, Евгений Сморигин, Виктория Булитко, Александр Бережок, Евгений Гашенко зардап шекті. Марина Поплавская қайтыс болды.

«Дизель Шоу» құрамы

Авторлары Егор Крутоголов Михаил Шинкаренко Алексей Бланарь

Продюсерлер Михаил Шинкаренко Алексей Бланарь

Көркемдік жетекшісі Егор Крутоголов

Басты рөлдерде Александр Бережок Виктория Булитко Евгений ГашенкоЕвгений Гашенко: Юмор — это очень сильное лекарство от депрессии и сезонных недугов Егор Крутоголов Евгений Сморигин Сергей Писаренко Евгений Никишин Дмитрий Танкович Марина Грицук

Бұрынғы қатысушылар Виталий Гончаров — алғашқы екі шығарылымнан кейін шоудан шығып кетті. Ольга Арутюнян — декреттік демалыстағы Яна Глущенконы алмастырды, Глущенко оралғаннан кейін шрудан шығып кетті. Марина Поплавская — 20 қазан 2018 жылы қайтыс болды.Под Киевом в жутком ДТП погибла актриса «Дизель шоу» Марина Поплавская Олег Иваница — Марина Поплавскаяның өлімінен кейін шоудан шығуды шешті. Максим Нелипа — 2019 жылы шоудан шығып кетті. Яна Глущенко

Ағымдағы оқиғалар Марина Поплавская қайтыс болған 2018 жылы 20 қазан болған қаралы оқиғадан кейін Дизель Шоу командасы үш айға концерттерін тоқтатты. Бұл үзілістен кейінгі Дизель Шоудың алғашқы концерті 31 қаңтар 2019 жылы Полтава қаласына белгіленді, одан кейін бүкіл Украинаны шарлайтын гастрольдік сапар. 2019 жылдың көктемінде бұл команда үлкен америкалық сапарға аттанды. Сондай-ақ әртістер «Дизель Студио»-ның басқа да телевидение жобаларына белсенді түрде түсіп жүр — «На троих» скетчі, «Папаньки» сериалы, «Выжить любой ценой» және «Медфак».О съемках сериала «Медфак»

Марапаттар мен номинациялар 2016 — «Дизель Шоу» Украинаның ұлттық телевидение марапаты — «Телетриумф» марапатына лауреат атанды, «Юморлық бағдарлама» номинациясы бойынша.Телетриумф-2016: полный список победителейПобедители главной телевизионной премии Украины «Телетриумф» 2016 2017 — «Весна смешна» (15.03 — 26.03 2017 жылы) есімді «Дизель-Шоу»-дың туры енгізілді, «Бір концерттік сапардың ішіндегі ең көп юморлық ұжымның концерттері» номинациясында (Украинаның 27 қаласында 39 концерт).«Дизель-Шоу» установили рекорд Украины 2017 — PromaxBDA Europe Awards қоласы. ICTV телеарнасы еуропалық PromaxBDA Europe Awards жарысынан қола жүлдегері атанды, Programme Promotion номинациясында — «Дизель Шоу»-дың күзгі маусымындағы концерттері жайлы промо ролик үшін, ода «Дизель Студио» актерлары грек құдайларының рөлінде болды.«Дизель-Шоу» в финале PromaxBDA Europe 2018 — «Дизель Шоу» «Үздік юморлық бағдарлама» ретінде «Телетриумф» марапатына номинацияланды.Номинанты премии «ТЕЛЕТРІУМФ» 2018 | Премія «Телетріумф»

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Дизель Шоу YouTube-та Дизель Шоу Instagram-да Дизель Шоу Facebook-те Дизель Шоу Twitter-де

Санат:Дизель Студио Санат:Украина телебағдарламары