нобай|Вознесенск кафедралы шіркеуі, Алматы қ. Христиан діні — Қазақстанда исламнан кейінгі ең көп таралған дін. 2009 жылғы халық санағы бойынша, 4,2 миллион адам христиан дінінде. Олардың басым бөлігі — православтық бағытын ұстанатын орыс, украин және белорус ұлттарының өкілдері. Қалғандары — протестант, лютеран, католик және т.б. ағымдарды ұстанатындар.

Тарихы Орта ғасырлар Орта Азияға христиан діні орта ғасырларда Таяу Шығыстан келді. Бұл аймақта оның шығыс тармағы – несторианство таралды. Қыпшақ, керей, найман тайпалары тәңірлікпен қатар, христиан дінін де ұстанатын болды. Христиан діні Өзбек ханның исламды мемлекеттік дін етіп жария еткенінен кейін біртіндеп жоқ болды.

Ресей отарлауы Ресейдің Қазақстанды отарлау процессі басталуымен, христиан діні қайтадан Орта Азияға тарала басталды. Дегенмен, ол жергілікті халықтың емес, орыс колонистерінің діні болды. 1871 жылы Түркістан епархиясы құрылды. Қазақтарды православтық ағымына аудару үшін 1881 жылы Қырғыз (қазақ) рухани миссиясы ашылды. Інжіл, Таурат және т.б. киелі кітаптар қазақ тіліне аударылды. Қазан төңкерісі кезінде елде дінмен күрес басталды.