Манних реакциясы — енолданатын карбонил қосылыстарын аминометилдеудің әдісі. Реакция нәтижесінде β-аминокарбонилдік қосылыс — Манних негізі — түзіледі.

Реакция 1912 жылы Карл Маннихтың формальдегид пен екінші реттік аминдердің кетондарға (алғашында — антипирин) әсерін зерттеу кезінде табылғанMannich, C.; W. Krösche. Ueber ein Kondensationsprodukt aus Formaldehyd, Ammoniak und Antipyrin (нем.) // Archiv der Pharmazie : magazin. — 1912. — Bd. 250, Nr. 1. — S. 647—667. — ISSN 1521-4184 0365-6233, 1521-4184. — doi:10.1002/ardp.19122500151..

500x500 нүкте

Қазіргі уақытта Манних реакциясы тек карбонилді қосылыстарды аминметилдеу үшін ғана емес, сонымен қатар әр түрлі С-нуклеофилдерді — алифатты нитро қосылыстар, ацетилендер, α-алкилпиридиндер, фенолдар, электронға бай гетероциклді қосылыстарды да аминометилдеу үшін қолданылады. Сонымен қатар, аминоалкилдеу энолданбайтын алдегидтер мен екіншілік аминдердің көмегімен де, имин тұздардың әсерімен де жүреді.

Механизм Классикалық нұсқада Манних реакциясы үш компоненттің — кетон, формальдегид пен екіншілік аминнің — қышқылдық ортада конденсациясы болып табылады.

Формальдегид пен аминнің әрекеттесуі α-метилоламин тұзын түзеді. Ол өз кезеігінде суды депротондап, күшті электрофиль болып табылатын диалкилметиленеиминиум тұзының түзілуіне алып келеді:

600x600 нүкте

Ал кетон болса қышқылды ортада енолизация арқылы нуклеофиль енол түзеді:

500x500 нүкте

Кейін нуклеофиль енол электрофиль имин ионды (диалкилметиленеиминиум ион) шабуылдайды:

650x650 нүкте

Дереккөздер

Санат:Конденсация реакциялары