Мұстафин сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
Тұлғалар Әбдіғапар Мұстафин – ұстаз. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Базарбай Сырлыбайұлы Мұстафин - журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Бақыт Мұстафин - жазушы. Бейбіт Ермекұлы Мұстафин - кескіндемеші, мүсінші. Ғабиден Мұстафин – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. Жұман Хасенұлы Мұстафин - кен инженері, партия, кеңес қызметкері. Қайрат Ғабиденұлы Мұстафин - ҚР Журналистер Одағының мүшесі. Марат Кәрімұлы Мұстафин - қазақстан саясаткері. Сейіт-Баттал Мұстафин – ағартушы-ұстаз. Төлебай Мұстафин — еңбекші, тракторист, Социалистік еңбек ері.* Санжар Анатолийұлы Мұстафин — қазақстандық продюсер, кәсіпкер. Төленді Ғарифұлы Мұстафин - математика, логика саласының маманы, физика-математика ғылымдарының докторы. Тілеміс Тілеуқабылұлы Мұстафин – тарих ғылымдарының докторы.
Басқа Ғабиден Мұстафин кенті — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы кент, Ғабиден Мұстафин кенттік әкімдік орталығы. Ғабиден Мұстафин көшесі (Астана) - Нұр-Сұлтандағы көше. Ұзындығы – 1230,1 м.
Тағы қараңыз Мұстафина