Қарабауыр – Қарабауыр жонындағы төбе.

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Төлеп ауылының солтүстік-шығысында 53 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 257 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында. Беткейі жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде өзімен аттас төбе (222 м), солтүстік-шығысында Баймен тақыры, оңтүстігінде Айшолақ, Айталы, батысында Отыншы құдықтары орналасқан. Беткейінде жусан аралас бұйырғын өседі. Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарақия ауданы географиясы Санат: Төбелер