Росс Шор Линч (; 29 желтоқсан 1995; Литтлтон, Колорадо) — америкалық актёр және музыкант. Ол «R5» поп рок тобының жетекші вокалисті болған және ол ағасы Рокки Линчпен The Driver Era деген топтың құрамында.
Ерте өмірі Линч Колорадо штатының Литтлтон қаласында туып өскен. Ол бес аға-інілердің ішінде (бауырлары Райделанд, Райкер, Рокки және Райланд) екінші кенжесі. Ол үйде төртінші сыныптан бастап гитара мен фортепианода ән айтуды үйренді. Линч — әртістер Дерек Хау және Джулианна Хаудың бөлесі.Bobbin, Jay (2015-03-16), "'Dancing With the Stars' Julianne Hough wants to be truthful without tearing the dancers apart," Zap2it. Линч және оның отбасы 2007 жылы Лос Анжелеске көшті."25 Facts On Ross Lynch," popstaronline.com, 2016-05-18.
Музыкалық мансабы thumb|left|170px|Линч 2013 жылы R5's Loud Tour-да Линч оның бауырларымен және отбасының досы Рэтлиффпен бірге құрған R5 музыкалық тобының жетекші вокалисті.Bobbin, Jay (March 16, 2015), «'Dancing With the Stars' Julianne Hough wants to be truthful without tearing the dancers apart» Zap2it..
Линч фортепианода, барабанда және басста ойнайды; ол гитарамен айналысады. Ол Оңтүстік Калифорния би компаниясы құрған Rage Boyz Crew тобына биледі.
2010 жылы R5 тобы «Ready Set Rock» атты EP шығарды.
Кейін, топтың ресми уеб сайтында R5 тобының «Hollywood Records»-пен келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Олардың дебютті Louder атты альбомы 2013 жылдың қыркүйек айында шықты. 2014 жылдың шілде айында бұл топ екінші «Heart Made Up On You» атты альбомын шығарды. 2014 жылдың қараша айында «Smile» атты сингл шықты. 2016 жылы «Something last night» атты жаңа альбомы шықты. Ал 2017 жылдың мамыр айында бес өлеңнен тұратын жаңа «NEW ADDITIONS» альбомы шықты. 2017 жылдың қазан айында топ «HURTS GOOD» өлеңіне клип түсірді.
2014 жылы 3 қарашада Буэнос-Айрестегі концертінен алғашқы видео шықты.
2018 жылы Линч үлкен ағасы Роккимен американдық поп рок дуэт «The Driver Era»-ны құрады.
2018 жылдың 1 ақпанында R5 өздерінің YouTube-те «Соңғы шоу» атты бейнеролигін жариялады. 1 наурызда R5-тің Instagram және Twitter атаулары «Жүргізуші дәуірі» болып өзгертілді және R5-дің барлық алдыңғы жазбалары жойылды. 2 наурызда Жүргізуші дәуірі тек Росс пен Роккиден тұратын топ болатыны туралы хабарланды.
Әртістік мансап 2011 жылдың басында Линч Дисней арнасына, «Остин және Элли» сериалына түсуге шақырылды. Ол сериалда басты ер рөлін, жасөспірім әнші, интернеттегі видеосы арқылы сенсацияға айналған — Остин Мунды ойнауы керек еді. Арна оның осы рөлді ойнауын құптап, 1 маусымның өндірісіне кірісіп кетті«Laura Marano Says Filming the 'Austin & Ally' Series Finale Was 'So Emotional',» People’s Choice, December 17, 2015.. Бұл телешоудың алғашқы маусымы 2011 жылдың желтоқсан айында шығып, шоудың екінші маусымға созылатыны жарияланды. Екінші маусым 2012 жылдың наурыз айында жарық көрді. 2012 жылдың басында Линч Дисней арнасының «Teen Beach Movie» атты жаңа фильмнің түсіріліміне дайындалып жүрді. Бұл фильмде ол басты ер рөлін, Брейд кейіпкерін ойнады. Фильм 2013 жылы 19 шілдеде шықтыFarley, Christopher John (July 17, 2013), "'Teen Beach Movie' Star Ross Lynch Shows His Moves, " The Wall Street Journal..
2017 жылдың жазында Линч өзінің мансабындағы ең басты фильмде түсірілімін аяқтады. «Менің досым Дамер» атты фильмде ол қанішерді ойнады.
Фильмдер тізімі Фильм ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөліТүрі2010Grapple!АаронҚысқа фильм2011A Day as Holly's KidsHolly's Actual Kid Қысқа фильм2014Muppets Most WantedЖас флорист/Тұйық жасөспірім2016Қарлы уақыт!Snowtime!ПирсДыбыстау2017Менің досым ДамерMy Friend DahmerДжеффри ДамерБасты рөл2018Статустың жаңаруыStatus UpdateКайл МурБасты рөл
Телевидение ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөліТүрі2009Мұса ережесі!Moises Rules!Росс "Босс""Mad B-Ball shootout" эпизоды2011—2016Остин және ЭллиAustin & AllyОстин МунСериал2012ДжессиJessieОстин Мун"Austin & Jessie & Ally All Star New Year" эпизоды2013Жасөспірім. Жағажай. ФильмTeen Beach MovieБрейдиТеле-фильм2013Ұлы Өрмекші-АдамUltimate Spider-ManДжек Рассел "The Howling Commandos" эпизоды2015ВиолеттаViolettaӨзін ойнайды3 эпизод2015Жасөспірім. Жағажай. ФильмTeen Beach 2БрейдиТеле-фильм2015Қыз әлеммен танысудаGirl Meets WorldОстин Мун"Girl Meets World of Terror 2" эпизоды2018—2020Сабринаның салқын оқиғаларыChilling Adventures of SabrinaХарви КинклБасты рөл
Марапаттар мен номинациялар Жыл Марапат СанатЖұмыс Нәтиже 2013 Nickelodeon Kids' Choice Awards Favorite TV Actor Остин және Элли Radio Disney Music Awards Best Music Video Heard It On The Radio Funniest Celebrity Take Өзі 2014 Nickelodeon Kids' Choice Awards Favorite TV Actor Остин және Элли Teen Choice Awards Choice TV Actor: Comedy Остин және Элли 2015 Nickelodeon Kids' Choice Awards Favorite TV Actor Остин және Элли Teen Choice Awards Choice Music: Song from a Movie or TV Show Жасөспірім. Жағажай. Фильм Choice Summer TV Star: Male Жасөспірім. Жағажай. Фильм Choice TV: Chemistry Остин және Элли Choice TV Actor: Comedy Остин және Элли 2016 Nickelodeon Kid's Choice Awards Favorite Male TV Star: Kid's Show Остин және Элли Teen Choice Awards Choice TV Actor: Comedy Остин және Элли 2019 Teen Choice Awards Choice Sci-Fi/Fantasy TV Actor Сабринаның салқын оқиғалары
Дереккөздер
Сілтемелер
Ross Lynch TV Guide-та Росс Линч Instagram-да Росс Линч Twitter-де Росс Линч Facebook-те
Санат:АҚШ бала әншілері