Летем (ағыл. Lethem) — Гайана мемлекетіндегі елді мекен. Жоғарғы Такуту-Жоғарғы Эссекибо аймағының әкімшілік орталығы.
Географиясы Қала Бразилиямен шекарада Такуту өзенінде, Бразилияның Бонфин ауылына қарама-қарсы орналасқан.
Тарихы Ол 1941 жылдан 1947 жылдың 12 сәуіріне дейін Британ Гвианасында губернатор болған Гордон Джеймс Лететтің есімімен аталады.
Халқы 2002 жылы қалада 1178 тұрғын тұрған.
Көлік жүйесі Летемде әуежай бар, ол ел астанасы Джорджтаун қаласын тұрақты әуе қатынасымен байланыстырады. Әуежайда ұзындығы 1888 метр ұшу-қону жолағы бар, бірақ жарықсыз қызмет жасайды.
2009 жылы Бразилия үкіметі бөлген ақшамен Такуту өзені арқылы көпір салынды, ол арқылы Бразилия мен Гайана байланыстыратын жалғыз көпір болып есептеледі.
Дереккөздер
Санат:Гайана қалалары