Анна-Реджина (ағылш. Anna Regina) — Гайана мемлекетіндегі елді мекен. Померун-Супенаам аймағының әкімшілік орталығы.
Географиясы Ол Атлант мұхитының жағасында, Эссекибо өзенінің сағасынан солтүстік-батыста, 19 км жерде орналасқан.
Тарихы Анна-Реджина қала ретінде 1970 жылы құрылған.GuyanaGuide.com Анна-Реджинадағы бірқатар жерлер тарихи маңызға ие. Олардың қатарына Дэймон ескерткіші, Дэймон Кресі, Анна Реджинаның көпірі, Анна Реджина мұржасы, Әулие Варфоломеяның Англикандық шіркеуі т.б.кіреді Анна Реджинаның базары, қоғамдық орталығы және орта мектебі бар. 2009 жылдың маусымында қалада Республикалық банк (Гайана) филиал ашты.
Халқы 2002 жылы оның халқы 12 448 адамды құрады.Bureau of Statistics Guyana: NDC Level Data
Дереккөздер
Санат:Гайана қалалары