Кербұлақ – Шу алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы жерінде. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 780 км2.
Бастауы Бастауын Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс сілемі – Кіндіктас тауындағы бұлақтардан алады.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысында арнасы тар, жағасы тік жарлы болып келген. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Алабы жайылымға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясыТараз Энциклопедиясы Еспе бекетінен өткен соң Белқұрақ шатқалы маңында құмға сіңіп кетеді де, Шу өзеніне жете алмайды.
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Шу су алабы