Көкшетау Халықаралық Әуежайы (IATA: KOV, ICAO: UACK) () — Қазақстан Республикасының Ақмола облысындағы Көкшетау қаласының халықаралық әуежайы. 1945 жылы салынған. Ол Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта, Ақкөл ауылы мен А-13 автожолының арасында орналасқан. 2018 жылы әуежай 21,427 жолаушыға қызмет көрсеткен (2017 жылмен салыстырғанда 2.7%-тік кему) және осы көрсеткіш бойынша қазақстандық әуежайлар арасында жолаушылар ағыны бойынша 17-ші орынды иеленді.
Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы (IATA) тағайындаған Көкшетау әуежайының үш әріптік коды KOV болып табылады, себебі Көкшетау бұрын Кокчетав деп аталды. "Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайы" акционерлік қоғамының құрылымымен басқарылады. Көкшетау қаласының әуежайында "SCAT" АҚ-ның Ақтау қаласына (Маңғыстау облысы) тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс, Шымкент қаласына тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс және "Qazaq Air" АҚ-ның Алматы қаласына аптасына 3 рет рейстері орындалады.
Орналасуы Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта, Ақкөл ауылы мен А-13 (бұрынғы Р393) автожолының арасында орналасқан.
Тарихы Көкшетау әуежайының тарихы 1945 жылдың маусым айынан өзек тартады. Шағын әуежай қаланың солтүстігінде, Қопа көлінің іргесінде орналасты . Сол жылғы шілденің орта шенінде әуежайға алғашқы ПО-2 ұшағы келіп қонды. Оны басқарған 4-сыныпты ұшқыш Николай Бондарьды қалалықтар нағыз батыр ретінде құрметпен қарсы алды.
Көкшетау тарихындағы ерекше оқиға ретінде, 1972 жылы қаланың шығыс беткейінде жаңа әуежайдың ашылуын айтуға болады. Бұл іске сол кездегі обкомның бірінші хатшысы, белгілі қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің айрықша үлес қосқанын құрметпен еске алғанымыз жөн. Салтанат шараларына екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов қатысып, жергілікті ұшқыштардың бойына жігер қосты.
Модернизация
Қабылдайтын әуе көлігі түрлері Әуежай азаматтық авиацияның Халықаралық ұйымы (ИКАО) стандарттары талаптарының 1-санатына жауап бере алады. Яғни, ұшып-қону алаңы жалпы салмағы 171 тонналық лайнерлерді, тікұшақтардың барлық түрін қабылдай алады.
Airbus A320, Airbus A321, Airbus A330, Airbus A350, Boeing 757, Boeing 777, Boeing 787, және тағы да басқа 3-4 кластағы ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар. Әуе көлігінің ең көп ұшу салмағы шектеусіз. Ұшу-қону жолағының (PCN) жіктеу саны 50/F/С/Y/T.
Терминал Сағатына 200 жолаушыны қабылдай алатын аэровокзал екі телескопиялық трап, лифт және эскалаторлармен жабдықталған. Халықаралық Көкшетау әуежайда жолаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалумен бірге, тіркеу, шекаралық және кедендік ресімдеу орындары қарастырылған.
Әуе компаниялары мен бағыттар Жолаушылар рейстері 2023 жылғы мәлімет бойынша Көкшетау әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады: * Маусымдық бағыттар
Әуе компаниясы Бағыттары Ұшақ түрі Рейс нөмірі Ұшу уақыты FlyArystan Алматы A320-200KC7114/KC71132с 05мин. SCATАқтауCRJ-200DV780/DV7792с 25мин. SCATАлматыCRJ-200DV760/DV7592с 05мин. SCATТүркістанCRJ-200DV797/DV7981с 40мин. ИрАэроМәскеуSSJ-100IO682/IO6813с 15мин.
Қызмет көрсеткіштері Жолаушылар легі Жолаушылар саны: год 20142015201620172018Жолаушылар саны3 06417 49714 21322 01621 427Өзгеру58.6 %471.1 %18.8 %15.6 %2.7 %Қазақстандағы орны1917171717
Суреттер
Оқиғалар 2013 жылы 29 қаңтарда Алматы маңында болған Bombardier CRJ 200 әуе апаты
Тағы қараңыз Халықаралық Петропавл әуежайы (195 км) Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайы (287 км)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Халықаралық Көкшетау Әуежайынан ұшып шыққан ұшақтар мен қонып жатқан ұшақтардың радарлық бағылаулары
Санат:Қазақстан әуежайлары Санат:Әуежайлар Санат:Көкшетау Санат:Ақмола облысы әуежайлары