Сарықұрақ – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы, Ақтоғай аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 51 км (саласымен ).

Бастауы Кешубай, Қоңыртемірші тауларының беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан құралып, Ақтайлақ өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғарының беткейі құлама , арна суы ирелең келеді, қалың тал өскіндері кездеседі. Қар, жер асты суымен толысады. Жылдық орташа су шығыны 0,015 текше м/сек. Мал суарылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы