Натан Ли Гэмбл (; 12 қаңтар 1998, Такома, Вашингтон) — америкалық актёр, режиссёр, сценарийші.

Киноиндустрияда өз мансабын 2006 жылы бастады. Оның дебют фильмі «Вавилон» көркем фильмі болды және осы фильмдегі рөлі үшін 2007 жылы Жас Әртіс Марапатының номинанты атанды.

Өмірбаяны Гэмбл 1998 жылғы 12 қаңтарда, Вашингтон штатының Такома қаласында дүниеге келді.

Оның ата-анасы балалар үйірмесінің театырында режиссёр болып жұмыс жасайды. Ата-анасы: Кристи Гэмбл () және Грэг Гэмбл (). Оның бір үлкен тәтесі — Даниэль Сумида () және бір кіші қарындасы — Лора Гэмбл () бар.

Мансабы Ол киноиндустрияда өз мансабын 2006 жылы бастады Оның ең алғашқы фильмі 2006 жылы Вавилон көркем фильмі болды. Осы көркем фильмінен кейін оған әртүрлі танымал режиссёрлардан киноға түсуге шақыртулар келе бастады. Осы кез оның кино саласындағы мансабы шарықтап тұрған кез еді. Себебі, ол танымал режиссёрлардың фильмдерінде танымал актёрлар мен актрисалармен түсті. Қазіргі күнге дейін ол 43 әртүрлі фильмдерге, сериалдарға, қысқа фильмдарға, телешоуларға түсті.

Ол өзінің ең алғаш басты рөлін 2011 жылы Дельфин оқиғасы фильмінде ойнады. Ол фильмде жағажайда жараланған Уинтер атты дельфинді тауып алған Сойер атты баланы ойнады. Бұл көркем туындының жалғасы 2014 жылы жарық көрді. Екінші бөлімінде Уинтер есімді дельфиннің қасына тағы бір ұрғашы дельфин қажет болған. Өйткені, заң бойынша дельфиндерді акуариумде жалғыз ұстауға болмайды.

Сондай-ақ ол 2011 жылғы Батырдың жүрегі деген фильмінде әкесі Ауғанстандағы соғыста күтпеген жерден қайтыс болған баланы ойнайды. 2014 жылы жарық көрген Дельфин оқиғасы 2 фильмінен кейін Натан киноиндустриясындағы өз белсенділігін бәсеңдетті. Ол осы жылдан кейін үлкен экранда өте сирек көрініп жүр.

Фильмдер тізімі ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөліТүрі2006ВавилонBabelМайк Джонсфильм2006–2008БосқындарRunawayТомми Рейдерсериал2007CSI: Қылмыс орныCSI: Crime Scene InvestigationКобе Фарентиносериал2007ІзсізWithout a TraceКобе Фарентиносериал2007ДиггерлерDiggersБалақысқа фильм2007ТүнекThe MistБилли Дрэйтонфильм2007Deeply Irresponsibleтелефильм2008Елестермен сөйлесушіGhost WhispererЭллиот Хейлисериал2008Құрғақ жаңбырDry rainДжоуиқысқа фильм2008Қара серіThe Dark Knightкіші Джеймс Гордон фильм2008Дәрігер ХаусHouse M.D.Эвансериал2008Марли және МенMarley & MeПатрик Гроган (10 жас)фильм2009ХэнкHankГенри Прайорсериал2009Қақпа 3DThe HoleЛукас Томпсонфильм2010АуысқанDisplacedДаниэльқысқа фильм2010Жеке тәжірибеPrivate PracticeКодисериал2010Сәттілік ЧарлиGood Luck CharlieОстинсериал2011Батырдың жүрегі25 HillТрей Колдвеллфильм2011Теңіз полициясы: Лос-АнджелесNCIS: Los AngelesШон Колдерсериал2011FetchЛинниқысқа фильм2011Дельфин оқиғасыDolphin TaleСойер Нельсонфильм2012The AuditionРизқысқа фильм2012Қымбатты ДракулаDear DraculaСэм (дыбыстау)фильм2012Менің барлық президенттерімAll my presidentsФранклинқысқа фильм2012The FrontierСэмюэл Хейлфильм2013ГолдбергтерThe GoldbergsГарри Болсериал2013МэронMaronБенсериал2013Аспаннан тысBeyond the HeavensОливер Генрифильм2014Дельфин оқиғасы 2Dolphin Tale 2Сойер Нельсонфильм2014Mike's Kooky SummerРежиссерлік жұмысқысқа фильм2015CSI: КиберкеңістікCSI: CyberАарон Ситтерсериал2016Мэри+ДжейнMary+JaneМэйсонсериал2018SwipedДаниилфильм2019The choiceҰлқысқа фильм

Марапаттары мен номинациялары Жыл Жұмыс Марапат Нәтиже 2007 Вавилон Көркем фильмдегі ең үздік орындау үшін «Жас Әртіс» марапаты (он жасқа дейінгі жас актер) Түнек Ең үздік екінші пландағы актер үшін «Fright Meter» сыйлығы 2008 Көркем фильмдегі ең үздік орындау үшін «Жас Әртіс» марапаты (он жасқа дейінгі жас актер) 2009 Марли және Мен Көркем фильмдегі ең үздік екінші пландағы жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты Дәрігер Хаус Телехикаядағы ең үздік қонақ рөлдегі жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты 2012 Батырдың жүрегі Кинодағы ең шабыттандыратын орындау үшін «MovieGuide» сыйлығы Дельфин оқиғасы Көркем фильмдегі ең үздік басты рөлдегі жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты 2015 Дельфин оқиғасы 2 Көркем фильмдегі ең үздік басты рөлдегі жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:АҚШ актер балалары