Хорст Хрубеш (; 17 сәуір 1951https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/85456, Хамм, Солтүстік Рейн-Вестфалия, ГФР) — германиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. 1980 жылғы Еуропа чемпионы.
Мансабы Ұлттық құрама Хрубеш Ұлттық құрамаға кеш шақырылды. 1980 жылы 2 сәуірде 28 жасында Аустрияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты. Алғашқы екі голын бір кездесуде, 1980 жылғы әлем чемпионатының финалында Бельгияның қақпасына соғып, матчтың үздік ойыншысы атанды. Бұл ойында ГФР 2:1 есебімен жеңіске жетті де, екінші рет Еуропа чемпионы атанды.
1982 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңде Аустрияның қақпасына бір гол соқты. Осы турнирде ГФР құрамасы финалға шықты да, Италиядан 1:3 есебімен ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Осы турнирден соң 31 жастағы Хрубеш құрамадағы карьерасын аяқтады.
Бапкерлік Бапкерлік карьерасында Германияның бірнеше жастағы құрамаларын және Олимпиада құрамасын жаттықтырды. 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында шәкірттері финалға дейін жетті.
Жетістіктері
Командалық
ГФР чемпионы (3): 1978/79, 1981/82, 1982/83 Еуропа чемпионы: 1980 Еуропа чемпиондар лигасының жеңімпазы: 1982/83
Жеке
Германия чемпионатының үздік мергені: 1982 (27 гол) Екінші бундеслиганың үздік мергені: 1978 (41 гол)
Статистикасы +КлубтықКлубМаусымЛигаКубокЕурокубокБарыОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолРот-Вайсс (Эссен)1975/762218000022181976/772620640032241977/78354220 - -3742Бары838084009184Гамбург1978/793413100035131979/803421339746311980/812917576740311981/8232276511549371982/83301842824222Бары1599619173421212134Стандард (Льеж)1983/84239752132151984/852082000228Бары431795215423Боруссия (Дортмунд)1985/861724200214Бары1724200214Барлығы30219540283622378245
Дереккөздер
Сілтемелер
Профилі (dfb.de) Профилі (fussballdaten.de) Профилі (footballplayers.ru)
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Рот-Вайсс (Эссен) ФК ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Стандард Льеж ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Рот-Вайсс Эссен ФК жаттықтырушылары Санат:Ганза ФК жаттықтырушылары Санат:Аустрия Вена ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Вольфсбург ФК жаттықтырушылары Санат:Динамо Дрезден ФК жаттықтырушылары