Ханс-Йорг Бутт (; 28 мамыр 1974 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/294, Ольденбург, Төменгі Саксония, ГФР) — германиялық футболшы, қақпашы. Пенальти тебудің шебері. Карьерасында 26 гол соққан.
Карьерасы 2000 жылы Еуропа чемпионатына, 2002, 2010 жылдары әлем чемпионатына қатысты, бірақ Оливер Кан, сосын 2010 жылы Мануэль Нойерден кейінгі екінші қақпашы ретінде барды. Тек 2010 жылғы турнирде үшінші орын үшін Уругваймен өткен ойында бір рет алаңға шықты.
Карьерасында үш рет УЕФА чемпиондар лигасының финалисі атанды (2002 жылы "Байер" сапында, , 2010, 2012 жылдары "Бавария" сапында), үшеуінде де командасы жеңіліске ұшырады. 2002, 2010 жылдары негізгі қақпашы ретінде алаңға шықты, 2012 жылы сол жоғарыда айтылған Нойер қақпа қорғады.
Карьерасында көбіне Германия клубтарында ойнады, тек 2007/08 жылғы маусымды "Бенфика" сапында өткізді. Бірақ негізгі құрамға орныға алмады, 2008 жылы жазда Германияға оралып, "Бавариямен" келісім шарт жасасты. Сол кезде Оливер Кан футболмен қоштасты да, Бутт негізгі құрамда ойнады. Көп ұзамай Микаэль Рензинг және Томас Крафтпен негізгі құрам үшін үшін күресуге тура келді, 2011 жылы Нойер келген соң тіпті алаңға шықпады да, 2012 жылы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Клубы
Германия чемпионы: 2009/10 Германия кубогы: 2009/10 Германия суперкубогы: 2010 Чемпиондар лигасының финалисі: 2001/02, 2009/10, 2011/12 Бундеслигада ең көп гол соққан қақпашы — 26 гол
Халықаралық
Әлем чемпионатының финалисі: 2002 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2010
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары