Роберто Ди Маттео (; 29 мамыр 1970https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/103679, Шаффхаузен) — италиялық футболшы, футбол жаттықтырушысы.

Мансабы Роберто Швейцарияда дүниеге келген. Швейцария футболының тәрбиеленушісі. 1993 жылға дейін "Шаффхаузен", "Цюрих", "Арау" секілді швейцариялық клубтарда доп теуіп, "Лациоға" ауысты.

1996 жылы "Челсиге" ауысып, 2002 жылы 31 жасында жарақатының кесірінен футболмен ерте қоштасты. "Челси" сапындағы соңғы ойынын 2002 жылыАнглия кубогы финалында "Арсеналға" қарсы өткізді (бұл кезде Роберто футболмен қоштасып қойған-ды, бірақ "көктердің" бапкері Клаудио Раньери сонда да оны алаңға шығарды).

2002 жылы "Челси" құрамасының бүкіл тарихындағы символикалық құрамына енді.

Бапкерлік жолын 2008 жылы "Милтон Кинс Динс" клубын жаттықтырудан бастады. Бір жылдан соң Премьер Лигадан чемпионшипке түсіп кеткен "Вест Бромвич Альбионның" тізгінін ұстады. 2011 жылы ақпан айында көрсеткіштері айтарлықтай болмай, ол қызметтен босады.

2011 жылы "Челсидің" бапкері Андре Виллаш-Боаштың көмекшісі боп тағайындалды. 2012 жылы көктемде "Челсидің" ойыны тіпті нашарлап кетті де, Андре бапкерліктен қуылды, орнына уақытша бапкер боп Роберто қызметін бастады. Ешкім күтпеген жерде "Челси" Чемпиондар лигасын ұтып алды. Соның артынша Роберто бас жаттықтырушы боп тағайындалды.

2012 жылы 21 қарашада көрсеткен нәтижелерінің төмендігінен ол қызметтен кетті.

2014 жылы 7 қазанда "Шальке 04" клубының бас жаттықтырушысы боп тағайындалды. 2014/15 жылғы маусым қорытындысында "Шальке" Германия чемпионатында 6-орында қап кетті де, клуб Робертомен серіктестігін одан әрі созған жоқ.

2016 жылы маусым айында "Астон Вилламен" келісім шарт түзді. Бірақ Чемпионшипте 11 кездесуде бір ойында ғана жеңіске жетіп, сол жылы қазан айында-ақ ол жерден кетті.

Жетістіктері Командалық

«Арау»

Швейцария чемпионы (1): 1992/93

«Челси»

Англия кубогы (2): 1997, 2000 Англия суперкубогы (1): 2000 Лига кубогы (1): 1998 УЕФА Кубок иелері кубогы (1): 1998 УЕФА суперкубогы (1): 1998

Бапкер ретіндегі жетістіктері Командалық

«Челси»

УЕФА чемпиондар лигасы (1): 2012 Англия кубогы (1): 2012

Жеке

Премьер лиганың үздік бапкері (1): қыркүйек 2010

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Цюрих ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК жаттықтырушылары Санат:Челси ФК жаттықтырушылары Санат:Шальке 04 ФК жаттықтырушылары Санат:Астон Вилла ФК жаттықтырушылары