Қапал – Ақсу алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысының Ақсу ауданында. Ұзындығы 42 км (салаларын қосқанда 204 км), су жиналатын алабы 398 км2.
Бастауы Бастауын Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемі – Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Қызылағаш өзеніне құяды.
Гидрологиясы Қар, жер асты суларымен толығады. Арнасы тік жарлы. Жылдық орташа су ағымы 2 м3/с. Өзен егін суғаруға пайдаланылады. Өзен бойында «Қапаларасан» санаторийі бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақсу су алабы Санат:Ақсу ауданы өзендері