Бақтыбай Ақбердіұлы Шелпеков (20 шілде 1959, Небітдақ, Түрікмен КСР) — қазақстандық мемлекеттік қайраткері, Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2011-2023).

Өмірбаяны Маңғышлақ газ өндіру басқармасының мұнай және газ өндіру операторы (1977-1978). «Маңғышлақмұнай» өндірістік ұйымының мұнай және газ өндіру инженері (1980-1981). Маңғышлақ облыстық сауда басқармасы – экономист (1985). Шевченко қалалық атқару комитеті инспекторы (1985-1987). Облыстық база «Казторгодежда» директорының орынбасары – директор (1987-1992). Маңғыстау облыстық сауда басқармасының басшысы (1992-1993). Қазақстандағы «Procter&Gamble» компаниясының өкілі (1994-1995). «Аққу» фирмасы директоры (1995-1999). II-IV шақырылым - Маңғыстау облыстық маслихат хатшысы (1999-2011). Маңғыстау облыстық маслихатының II-IV шақырылым депутаты (1999-2011). Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2011 жылдан бері).

Дереккөздер

Санат:Балқанабатта туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері