Қаратау – Ақтасты тауының солтүстік-шығысындағы аласа тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Миялыкөл ауылынан шығысқа қарай 26 км жерде орналасқан.
Сипаты Абсолюттік биіктігі 470 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Оңтүстік-батыс беткейі тіктеу, солтүстікке қарай еңістеніп шоқыларға ұласады. Солтүстігінде Жамантау, батысында Аққарпық, оңтүстігінде Сарытау таулары мен Жалтырбұлақ бұлағы орналасқан.
Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында боз, бетеге, селеу, сұлыбас, жусан, т.б. өсімдктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Мұғалжар ауданы таулары