«Бұхара» () — Өзбекстанның Бұхара қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. 1989 жылы құрылған.
Тарихы 1989 жылы "Нуравшон" деген атаумен "Бұхара" клубының (1960-1988) орнына құрылды. 1996 жылы қазіргі атауына ие болды. 1991 жылға дейін КСРО төменгі лигаларында ойнады. 1992 жылы Өзбекстанның тұңғыш чемпионатында төртінші орынға табан тіреді.
1994 жылы Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл осы күнге дейінгі клубтың ең жоғары табысы саналады.
2009 жылы бірінші лигаға түсіп кетті де, бір маусымнан соң қайта оралды.
Жетістіктері
Өзбекстан чемпионаттарында
2-орын: 1994 1-лига жеңімпазы: 2010
КСРО чемпионаттарында
Өзбек КСР чемпионы: 1989 Екінші топтағы тоғызыншы аймақтың жеңімпазы: 1990
Сілтемелер Ресми сайты Ақпараттар Ақпараттар
Санат:Өзбекстан футбол клубтары