Кирилл Дмитриевич Роговец-Закон (Kain Rivers лақап атымен де танымал) (2004 жылдың 25 маусымында Украинаның Киев қаласында туған) – украин және ресей әншісі.
Өмірбаяны Кирилл 2004 жылдың 25 маусымында Киев қаласында туған. Әкесі – бизнесмен және инвестор Дмитрий Закон, сондай-ақ өз баласының продюсері.
Кирилл үш жасынан ән сала бастады. Әндерін украин, орыс, ағылшын, испан және қытай тілдерінде орындайды.
2017 жылы «Детской новой волны» байқауының жартылай финалисі, Муз-ТВ арнасының «Битва талантов» реалити-шоуының бірінші маусымының қатысушысы, сонымен қатар Муз-ТВ арнасында «Жыл әншісі» санатындағы «Kinder МУЗ Awards» премиясына үміткер атанды.
«Atlas Weekend 2017», Музыка 1 арнасынан «Маёвка Live 2018», KIDSFM радиосынан «Поколение NEXT», Open Kids-тан «VK Fest», «Video-Жара», «Bashka Kids Awards 2018», Санкт-Петербургта «FIFA FanFest 2018» және басқа музыкалық фестивальдерге қатысты.
2018 жылы Скадовскіде өткен «Черноморские игры» фестивалінің жартылай финалисі атанды.
Украинаның атынан «Without Saying Goodbye» әнімен қатысқан «Junior Eurovision ән байқауы 2018» ұлттық іріктеу кезеңінің финалында халықтық дауыс берудің жеңімпазы атанды.
1+1 арнасында өткен «Голос. Дети» украин тележобасының бесінші маусымында Потаптың командасында болып жартылай финалисі атанды.
Біріншіарнада өткен «Голос. Дети» тележобасының бесінші маусымында Бастаның командасында қатысты.
Муз-ТВ арнасындағы Муз-Раскрутка бағдарламасының жеңімпазы.
2018 жылдың тамызында 12 әннен тұратын «Звезда» («Жұлдыз») дебюттік альбомын шығарды.
2018 жылдың күзінде «Музыка и ты» («Музыка және сен») атты екінші альбомы жарық көрді.
2018 жылы Холокостаны еске алуға арналған қысқаметражды «Помним»(We Remember) («Есімізде») музыкалық фильмінің басты рөлін сомдады. Аталған түсірілім израильдік «Яд Вашем» Апат (Холокоста) және қаһармандық ұлттық мемориалының тұрақты экранизациялау тізіміне енді.
2019 жылдың ақпанында «Раненый зверь» («Жараланған аң») атты үшінші альбомы жарық көрді.
2019 жылдың сәуірінде «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысты.
2019 жылдың сәуірінде Авторадиода «Мурзилки LIVE» кешкі шоуында концертпен шықты.
2019 жылы Polina атты әнші мен Digital Farm Animals диджейлермен бірге Кирилл «Believe» альбомына «Faded» және Filatov&Karas-пен бірге «Be My Nirvana» әнін жазады.
Кирилл орындаған әндер бірқатар чарттарда жүлделі орындар алды.
50-ден астам видеоклип түсірді.
Альбомдары 2018 — «Звезда» (Make It Music, The Orchard) («Жұлдыз») 2018 — «Музыка и ты» (Make It Music, The Orchard) («Музыка және сен») 2019 — «Раненый зверь» (Make It Music, The Orchard, Warner Music Group) («Жараланған аң») 2019 — «Believe» (Warner Music Group)
Жинақтары 2018 — «Прекрасное далеко» (Kain Rivers production) («Алыстағы әдемілік»)
Синглдары 2017 — Море (Теңіз) 2017 — Посвящение (Арнау) 2017 — В небо (Аспанға) 2017 — Снежная (Қарлы) 2018 — We Remember 2018 — Помним (Есімізде) 2018 — 8 чудо (ft. NEBO5) (8-керемет) 2018 — Тыпахнешь летом (Жазбен аңқисың) 2018 — Сила (Күш) 2018 — Ей сомной круто (Оған менімен жақсы) 2018 — 冷心 | Frozen heart (Chinese version) 2018 — 酒窝 I Dimples (Chinese version) 2018 — Chupa Chups 2018 — Были или нет (Болдық па, болмадық па) 2018 — Без прощання (Без прощания) (Қоштасусыз) 2018 — Жадно (Құшырлана) 2018 — Океан (Мұхит) 2018 — Сказочный сюжет (ft. Dan & Мухаммед) (Ертегідегідей сюжет) 2018 — Раненый зверь (Жараланған аң) 2019 — To the sky 2019 — Dying without you 2019 — Come back 2019 — Dreams 2019 — Far far away 2019 — I am a rebel 2019 — Faded 2019 — Without Saying Goodbye 2019 — Believe 2019 — Middle of the Night 2019 — Moving slowly 2019 — Kind Of Love 2019 — Te Amo
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайты Warner Music парағында All Music парағында