Бектас Әбдіханұлы Бекназаров (12 қыркүйек 1956, Жамбыл облысы) — қазақстандық заңгер, сот жүйесіндегі ірі қызметкер. 2016—2020 жылдары Парламент Сенаты төрағасының орынбасары болды. Одан бұрын 2011—2013 жылдары Жоғарғы Соттың төрағасы және 2013—2014 жылдары Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Өмірбаяны С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Заң ғылымының кандидаты. Кандидаттық диссертациясын 2004 жылы Ресей Федерациясында Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде қорғаған.

1978-1983 жылдары - Жамбыл қаласы Орталық аудандық сотында сот орындаушы, Жамбыл облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің консультанты, аға консультанты.

1984-1990 жылдары - Жамбыл облысы Жуалы аудандық халық сотының судьясы.

1990-1996 жылдары - Жамбыл облыстық сотының мүшесі, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

1997 жылы - Жезқазған облыстық сотының төрағасы.

1997 – 1999 жылдары - Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

2000 жылы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры.

2000 – 2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

2002 – 2006 жылдары - Атырау облыстық сотының төрағасы.

2006 – 2009 жылдары - Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы.

2009-2011 жылдары - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

2011- 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы.

2013 – 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

2014 жылы 11 тамыздан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған.

2016 жылғы 16 қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары