Oyan, Qazaqstan — 2019 жылдың 5 маусымы Алматы қаласында құрылған азаматтық қозғалыс. Қозғалыс мақсаты — саяси жүйеге реформа жүргізу және репрессия мен шектетуді тоқтату.
Атауы
Дүйім халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну болғандықтан, өзгерісті қалайтын жастар құрған бұл қозғалыстың атауы қазақтың аса көрнекті ағартушысы Міржақып Дулатұлы жазған өлең жолдарына негізделген. Атауда "Qazaqstan" сөзінің қолданылуы — қозғалыс республиканың бүкіл азаматтарына маңызы бар шараларды алға қоюының белгісі.
Тарихы Құрылу алғышарттары 2019 жылдың 19 наурызы 30 жылға жуық билік басында болған Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты, ҚР Конституциясына сәйкес қалған мерзімге уақытша президент болып Қасым-Жомарт Тоқаевты тағайындалдыҚасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кірісті. Кезекті президент сайлауы 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс едіҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды, алайда 9 сәуір күні Тоқаев «саяси белгісіздікті» болдырмау үшін 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен бұрын сайлау өтетінін мәлімдедіТоқаев та кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. 21 сәуір күні сайлаудың ашықтығын әрі әділдігін талап еткен Алматының белсенді жастары — Бейбарыс Толымбеков пен Әсия Төлесова жыл сайын өтетін қайырымдылық марафоны кезінде "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген жазуы бар плакат ұстап, дол бойына шыққанШындықтан қаша алмайсың: Белсенділерді не үшін сотқа жіберді. Кейінірек қос белсендімен қоса бес адамды полиция қызметкерлері алып кетіпАлматыда полиция "сайлауға байланысты акция өткізген" белсенділерді ұстады, Бейбарыс Толымбеков пен Әсия Төлесована 15 тәулікке қамауға алғанСайлауға байланысты акция өткізген екі белсенді 15 күнге қамалды.
Құрылуы 5 тамыз күні Алматы қаласында өткен баспасөз жиынында бірнеше белсенді жастар бірігіп, Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысын құратындығы жайлы мәлімдедіАлматылық белсенділер "Oyan, Qazaqstan" қозғалысын құрды. Аталған жиында саясаттанушы Димаш Әлжанов, қозғалыстың белсенді мүшелері — Сүйінбике Сүлейменова мен Әсем Жапишева бой көрсетіп, қозғалыстың ешбір саяси партияға қатысы жоқ екенін және ешбір ұйымнан қаржы алмайтындығын, сондай-ақ партия құрып не билікке ұмтылмайтындығын мәлімдеді.
Ұйымдастырылған шаралар Seruen Seruen — көбіне Қазақстанның ірі қалаларында (21 маусым күні Алматы, Астана, Талдықорған, Ақтау, Шымкент және Ақтөбе қалаларында алғаш рет өткен) ұйымдастырылатын Oyan, Qazaqstan қозғалысының азаматтық белсенділігін көрсету мақсатында қозғалыс мүшелерінің жиналуы"Oyan, Qazaqstan" елдің ірі қалаларында "серуен" ұйымдастырды. Шара мақсаты — оффлайн кездесу мен ашық жерлерде жиналу арқылы, белсенді азаматтарды бетпе-бет араласуына мүмкіндік жасау және әрбір азаматтың бейбіт түрде жиналуға құқығы бар екенін көрсету. Seruen-ге "Oyan,Qazaqstan" қозғалысын қолдайтын кез-келген адам қатыса алады.
Конституция реформасын бейбіт талап ету маршы 1995 жылдың 30 тамызы қабылданған, 9 бөлім, 98 баптан құралған ҚР Конституциясына ширек ғасыр ішінде бірнеше өзгертулер мен түзетулер енгізілген. Қозғалыс мүшелері аталған конституция президент құзыретін кеңейтіп, авторитарлы жүйенің орнауына негіз болды деп есептейді, сондай-ақ сот, парламент және үкіметтің президентке тәуелді екенін алға тартады. Сол себепті қозғалыс белсенділері Ата Заңның халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп қайта жазылуын талап ету мақсатында 30 тамыз күні бейбіт марш өткізуді жоспарлаған. Бұл мәлімдемені байқаған Алматы әкімдігі 28 тамыз күні полиция арқылы Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділерін тілдесуге шақыртқанАлматыда "Oyan, Qazaqstan" белсенділерін полицияға шақырдыМарш өткізбек болған жастарды полицияға шақырттыАктивистов «Oyan, Qazaqstan» вызвали в полицию. Әкімдіктің аталмыш әрекетін қозғалыс мүшелері конституциялық құқықтың бұзылуы деп бағалалаған. Профилактикалық тілдесуден өтсе де, 30 тамыз күні Алматы қаласында қолдарына плакат, баннер ұстаған қозғалыс мүшелері Жібек жолы көшесінен бастап, Панфилов көшесі арқылы Сорос-Қазақстан қорының ұсынысымен сөз бостандығы мен жергілікті мәселелерді ұжымдық шешуге арналған қоғамдық орынға айналған «Астана» алаңына дейін Марш өткізгенАлматыда бір топ жас конституция реформасын талап етіп, марш өткіздіРеформа һәм референдум. Конституция күні белсенділер билікке талап қойдыВ Алматы прошел марш Oyan Qazaqstan за реформу Конституции .
Декларация Азаматтық қозғалыстың 9 бөлімнен тұратын декларациясы 2019 жылдың 5 маусымында жарияланған. Декларация келесі бөлімдерден құралғанОyan, Qazaqstan азаматтық декларациясы : Қазақстандықтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық саяси қуғын-сүргінді тоқтату; Азаматтардың құқығы мен бостандығын шектейтін заңнамаларды қайта қарау; Парламенттік республикаға өту; Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру; Сайлау жүйесін реформалау; Сот жүйесін реформалау; Полиция қоғам (бұқара) мен парламентке есеп беруі тиіс; Билік органдарының қызметі ашық және қоғамға есеп беруі керек; Саяси жүйені реформалау
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ұйымдары