Симоне Индзаги (; 5 сәуір 1976https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5849, Пьяченца, Италия) — италиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. 2016 жылдан бері "Лацио" клубының бас бапкері. Филиппо Индзагидің інісі, бірақ ағасы секілді Ұлттық құрамада онша көп ойнамады, тек үш кездесуде ғана алаңға шықты.

Карьерасы Карьерасын 1994 жылы туған қаласындағы "Пьяченсада" бастағанымен, 1998 жылға дейін түрлі клубтарда арендада ойнаумен болды.

1999 жылы "Лациоға" ауысты да, бір маусымның ішінде бірнеше турнирдің жүлдегері боп шыға келді (УЕФА Суперкубогы, Италия кубогы, Италия чемпионы). 1999/00 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасында қарсыластар қақпасына 9 гол соқты (Соның төртеуін "Марсельдің" қақпасына).

2005 жылы "Сампдоияға", 2007 жылы "Аталантада" арендада ойнап, карьерасының қалған бөлігін "Лациода" өткізді.

2016 жылы "Лацио" басшылығы Марсело Бьелсаның командаға келуін қаламады да, орнына Симоне бапкер боп тағайындалды.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде Лацио

Италия чемпионы: 1999/00 УЕФА Суперкубогы: 1999 Италия кубогы (3): 1999/00, 2003/04, 2008/09 Италия суперкубогы (3): 2000, 2009

Бапкер ретінде Лацио

Италия кубогы: 2018/19 Италия суперкубогы: 2017

Отбасы

Томмаозо атты ұлы бар (2001 ж.т). Әйелінің аты Алесси Маркузи, ол фотомодель, актер.

Дереккөздер

Сілтемелер

National team data

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пьяченса ФК ойыншылары Санат:Новара ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Лацио ФК жаттықтырушылары