солға|нобай|177x177 нүкте|Нептуний Np Нептуний (лат. Neptunіum; Np) — актиноидтар тобына жататын жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент. Нептунийдің атомдық нөмірі 93, атомдық массасы 237,0482. Нептун ғаламшарының құрметіне аталған. Оны 1940 ж. американдық ғалымдар Э.М. Макмиллан (1907–1991) және Ф.Х. Эйблсон ашқан.

Нептунийдің 15 изотопы белгілі; ²³⁷Np және ²³⁹Np изотоптары уран қазбаларында өте аз мөлшерде кездеседі. Нептуний морт, аздап күміс жылтыры бар металл, тығыздығы 20,45 г/см³, балқу t 637 °C, қайнау t 4100 °C. Тотығу дәрежелері +3-тен +7-ге, сулы ерітінділерде тұрақтысы +5-ке дейін өзгереді. Суықта біртіндеп тотығады, қыздырған кезде сұйытылған HCl-дың Na2SіF6 қоспасында ериді. H2, N2, C, Sі, P және тағы басқа элементтермен әрекеттеседі. Нептуний негізінен ғылыми-зерттеу жұмыстары мақсатында қолданылады.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім

Қасиеті Нептуний изотоптарының радиоактивті қасиеттері : Изотоптар Жартылай ыдырау периоді Ыдырау типі 231 50 мин α 232 13 мин электрлі ұстау 233 35 мин α (1 %), электрлі ұстау (99 %) 234 4,4 күн α (1 %), электрлі ұстау (99 %) 235 410 күн β+ (1 %),электрлі ұстау (99 %) 236 5000 жыл α 237 2,20 жыл α 238 2,1 күн β− 239 2,33 күн β− 240 7,3 мин β− 241 16 мин β−

Сілтемелер Химия Менделеев кестесі Дереккөздер

Санат:Химиялық элементтер Санат:Актиноидтар