Рубен Диогу да Силва Невиш (; 13 наурыз 1997https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/225161, Мозелуш) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Хилал" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық "Порту" клубының түлегі. Клубтың барлық жастағы командаларында ойнап шықты. 2012/13 жылғы маусымда "Падроенсе" клубында азырақ ойнады да, "Порту" кантерасына қайта оралды. 2015 жылы 20 тамыз күні "Маккаби" (Тель-Авив) клубына қарсы ойында Чемпиондар Лигасының тарихындағы ең жас капитан ретінде алаңға шықты.

2017 жылы шілдеде "Вулверхэмптон Уондеререс" клубына ауысып, бес жылдық келісім шарт жасасты.

Халықаралық Португалияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.

2015 жылы Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 14 қараша күні Ресейге қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ең алғаш қатысқан ірі турнирі: УЕФА Ұлттар Лигасы (2018/19).

Жетістіктері Вулверхэмптон Англия чемпионшипінің жеңімпазы: 2017/18

Әл-Хилал Сауд Арабиясы чемпионы: 2023/24 Патша кубогының иегері: 2023/24 Сауд Арабия суперкубогының иегері: 2023, 2024

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасының жеңімпазы: 2019, 2025

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Әл-Хилал Эр-Рияд ФК ойыншылары