Эрвин Санчес Фрекинг (; 19 қазан 1969 жыл, Санта-Крус-де-ла-Сьерра) — боливиялық футболшы, шабуылшы, футбол бапкері. Боливия Ұлттық футбол құрамасының әлем чемпионаттарының финалдық турниріндегі жалғыз голының авторы (1994 жылы).

Карьерасы Болиявия, Португалия чемпионаттарында ойнады. Еуропалық футбол жанкүйерлеріне "Боавишта" клубында ойнаған жылдары жақсы таныс болды (бұл клубта 1998-2003 жылдары ойнады). "Боавишта" сапында екі рет Португалия чемпионы атанды да, Чемпиондар Лигасында бақ сынады.

2005 жылы карьерасын аяқтап, бапкерлікке кірісті. Бұл салада да өзіне жақсы таныс "Боавишта" клубымен бірге Боливия құрамасын, "Блуминг", "Ориенте Петролеро" клубтарын жаттықтырды.

Ұлттық құрама сапанда 1994 жылы әлем чемпионатына, 1989, 1991, 1993, 1997, 1999 жылдары Америка кубогына қатысты.

Жетістіктері

Командалық

Португалия чемпионы (2): 1990/91, 2000/01 Боливия чемпионы (2): 1988, 2004 (Клаусура) Америка кубогының финалисі (1): 1997

Жеке

Боливиядағы жыл футболшысы (1): 1994

Дереккөздер

Сілтемелер https://www.national-football-teams.com/player/8628.html

Санат:Боливия футболшылары Санат:Боливия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Боавишта ФК ойыншылары Санат:Боливия футбол жаттықтырушылары Санат:Боливия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Боавишта ФК жаттықтырушылары Санат:Боливар ФК ойыншылары Санат:Блуминг ФК жаттықтырушылары