Марк Макналти (ағыл. Marc McNulty; 14 қыркүйек 1992 жыл, Эдинбург, Шотландия) — шотландиялық футболшы, Шотландия Ұлттық футбол құрамасы мен "Рединг" (Англия) клубының шабуылшысы.

Карьерасы

Ұлттық құрамада Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2019 жылы 21 наурызда Астанада Қазақстан құрамасына қарсы алаңға шықты. Матч барысында Джеймс Форрестің орнына ойынға қосылды. Бұл ойында Шотландия 0:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл ЕУРО-2020 турнирінің іріктеу кезеңі болатын. 24 наурыз күні осы циклдағы кезекті ойын — Сан-Мариномен ойында да матчқа қатысты.

Клубтық "Ливингстон" клубының түлегі. 2014 жылға дейін осы клуб сапында жүзден аса кездесуде алаңға шықты. 2014-17 жылдары "Шеффилд Юнайтедтің" футболшысы атанды, бірақ үш маусымның екеуін арендада өткізді.

2019 жылы мамыр айында "Хиберниан" сапынан арендадан "Редингке" қайта оралды.

Сілтемелер

Санат:Шотландия футболшылары Санат:Шотландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ливингстон ФК ойыншылары Санат:Шеффилд Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Портсмут ФК ойыншылары Санат:Брэдфорд Сити ФК ойыншылары Санат:Ковентри Сити ФК ойыншылары Санат:Рединг ФК ойыншылары Санат:Хиберниан ФК ойыншылары